
Жаңалықтар
«Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнехан Күзекованың 70- жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Конференция мақсаты - еліміздің жоғары білім беру саласында қазақ лингвистикасын ғылыми-практикалық дамыту, заманауи тілдік инновациялық технологиялар бойынша танымал ғалымдар, әдіскер мамандар, жас ізденушілердің өзара тәжірибе алмасу кеңістігін жасақтау және жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқытудың инновациялық үрдістер платформасын қалыптастыру.
"Қазақтану" курсы бойынша студенттерге арналған қонақ лектор дәрісі
2025 жылғы 21 сәуір күні "Қазақтану" курсы бойынша студенттерге арналған дәрістің лекторы - арнайы шақырылған қонақ Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ассоц.профессоры PhDМолдияр Ергебеков "Қазақ киносындағы self-orientalizm" туралы дәріс оқиды.
Жас Ғалым - VII студенттердің республикалық ғылыми конференциясы туралы
2025 жылғы 11 сәуірде Назарбаев университетінде Қазақ тілі және түркітану департаментінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ–VII» студенттердің республикалық ғылыми конференциясы өтті.
7-ші рет өтіп отырған «Жас ғалым» конференциясы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Назарбаев университетінің 15 жылдық мерейтойына арналды.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық дискурс конференциясы
Конференцияның мақсаты – халықаралық постколониялық теориялар мен пәнаралық кәсіби тәжірибе алмасу бағытында отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарының ғ алымдарымен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен, докторанттарымен және магистранттарымен пікіралмасу алаңын ұйымдастыру.
Ахмет. Шығармаларының академиялық толық жинағы кітабының тұсаукесері
20 қараша күні Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасы Университет Кітапханасымен бірлесіп, Сіздерді 5 томдық "Ахмет. Шығармаларының академиялық толық жинағы" кітабының тұсаукесеріне шақырады.
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймыз!
№689 "Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні - Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді. Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және Түркітану департементінде Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі 13 қыркүйек күні аталып өтіледі.
«Жас ғалым - VІ» студенттердің республикалық ғылыми конференциясы өтті.
12 сәуір Қазақстан Ғылым күніне және биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану Департаменті мен Халықаралық қазақ тілі оқытушыларының қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ - VІ» студенттердің республикалық ғылыми конференциясы өтті.
"Жас Ғалым — VI" Студенттік ғылыми конференция
Cіздерді Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану департаменті ұйымдастыруымен өткізілетін Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған "Жас Ғалым — VI" атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясына шақырамыз!