Жаңалықтар
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық дискурс конференциясы
Конференцияның мақсаты – халықаралық постколониялық теориялар мен пәнаралық кәсіби тәжірибе алмасу бағытында отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен, докторанттарымен және магистранттарымен пікіралмасу алаңын ұйымдастыру.
Ахмет. Шығармаларының академиялық толық жинағы кітабының тұсаукесері
20 қараша күні Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасы Университет Кітапханасымен бірлесіп, Сіздерді 5 томдық "Ахмет. Шығармаларының академиялық толық жинағы" кітабының тұсаукесеріне шақырады.
Мақалалар
Қазақ жастары және ауызша шаршысөз
Мақаланың негізгі мақсаты - қазіргі қазақ жастарының өз ана тілі – қазақ тілін тұрмыстық және кәсіби деңгейде қаншалықты жұмсайтынын, коммуникация, білім алу үшін қалай қолданатынын, шаршытоп алдында сөйлеу сапасы қандай екенін анықтау мақсатында ұйымдастырылған сауалнама нәтижелерін талдау арқылы қазақ жастарының ауызша шаршысөзге деген көзқарастарын анықтау, ой түйіндеу. Ол үшін 18 бен 22 жас аралығындағы Назарбаев университеті мен Сулейман Демирель атындағы университетте оқитын қазақ жастарынан қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қандай мақсатта, қандай деңгейде қолданатыны, қазақ тілінде жоғары деңгейде сөйлейтін қоғамдық тұлғалардың шаршысөздеріне көзқарастары қандай екенін және өз тілдерінің сапасын көтеруге деген ынта-ниеттерін анықтайтын сауалнама ұйымдастырылып, сауалнама нәтижесіне сандық және сапалық талдау жүргізілді. Мақалада осы сауалнама барысы мен нәтижесіне сипаттама беріліп, зерттеу қорытындысы түйінделеді.
Байтелиева Ж., ассистент профессор
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі гендерлік мәселелер
Әйел тағдыры, әйел құқығы қай заманда да өзекті болған мәселе. Мақалада автор адамзат тарихындағы гендерлік мәселелерге шолу жасай отырып, ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамында көтерілген әйел мәселесі, оны шешу жолындағы қазақ зиялыларының жасаған еңбектері сол кезеңде жазылған әдеби шығармалар мен публицистикалық мақалалар негізінде әдеби теориялық және тарихи аспектіде талдау жасайды.
Әбдіғаппарова Ж.
Біздің миссиямыз
Ғалымдарды, ізденушілерді, зерттеушілерді, әдіскерлерді қазақ тілін оқытуға және қазақ зерттеулеріне қатысты академиялық мазмұндағы материалдармен бөлісіп, әлемдік деңгейде тәжірибе алмасуға шақырамыз!