
"Жас Ғалым — VI" Студенттік ғылыми конференция

08.04.24
Құрметті ғалымдар мен жас зерттеушілер!
Cіздерді Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану департаменті ұйымдастыруымен өткізілетін Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған "Жас Ғалым — VI" атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясына шақырамыз!
Мерзімі мен уақыты: 12 сәуір, 09:00 – 18:00
Адрес: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев Университеті
Форматы: Гибридті (оффлайн мен онлайн, Microsoft Teams платформасы)
Жұмыс тілі: Қазақ
Конференция бағыттары:
Қазақ тіл білімі ғылымы
Қазақ әдебиеттану ғылымы
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
Жаратылыстану, техникалық және медициналық ғылымдар
Конференцияғы қатысушылар:
Қазақстанның жоғары оқу орындараның студенттері, магистранттары мен докторанттары
Барлық мамандықтар бойынша қатысуға болады