
Ахмет. Шығармаларының академиялық толық жинағы кітабының тұсаукесері

15.11.24
Құрметті студенттер, оқытушылар, зерттеушілер!
20 қараша күні Назарбаев Университетінің Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасы Университет Кітапханасымен бірлесіп, Сіздерді Түркі академиясы және М. А. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен 2023 жылы Алматыда жарияланған 5 томдық "Ахмет. Шығармаларының академиялық толық жинағы" кітабының тұсаукесеріне шақырады.
Бұл академиялық басылым — қазақ зиялыларының бірі, көрнекті жазушы, баспагер, "Алаш" қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының (1872-1937) шығармаларының толық жинағы болып табылады. А. Байтұрсынұлы қазақ саясаты, поэзиясы, лингвистикасы мен білімінің дамуына елеулі үлес қосып, қазақ мәдени тарихында өшпес із қалдырды.
Басылымның жауапты редакторы - Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және түркітану кафедрасының профессоры Айгүл Исмакова.
Жинақтың данасы НУ Кітапханасына сыйға тартылады.
Тұсаукесер НУ кітапханасында өтеді.