top of page

Тікелей эфир: "Студенттерге академиялық қазақ тілін меңгерту тәжірибесі"

28.12.23

Қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к. Бақытты Ақбұзауовамен сұхбат өткізілді. Тікелей эфир тақырыбы "студенттерге академиялық қазақ тілін меңгерту тәжірибесі" болды, және ол 28 желтоқсанда өтті. Осы сұхбаттан негізгі алған ақпарат:

  • Бахыт апай — педагогтар династиясының өкілі.

  • Әл Фараби атындағы университетке түсу үшін емтиханды аты аңызға айналған, қазақтың танымал ақыны Қадыр Мырза-Әлі қабылдаған.

  • Ғылымға жолын профессор, ф.ғ.д. Талғат Сайранбаев ашқан.

  • Бахыт апай қазақ тілі оқулықтарында ат қойып, айдар тағылмаған тың тақырыпты зерттеген.

  • "Қазақ тілінің ғылыми стилі", "Аударма тану техникасы" атты авторлық курстарды жүргізген.

  • "Академиялық қазақ тілі 2 " атты курстың сапалы оқытылуына үлес қосып жатыр.

  • Денсаулығыңыз мықты, еңбегіңіз табысты болсын, Бахыт апай!

Тікелей эфирге арнайы уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс айтамыз!

bottom of page