
«Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнехан Күзекованың 70- жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

16.04.25
2025 жылдың 25 сәуірінде Назарбаев университетінде «Қазақ лингвистикасы: теория мен тәжірибе интеграциясы» тақырыбында филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнехан Күзекованың 70- жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Конференцияны ұйымдастырушылар:
✓ Қазақ тілі және түркітану департаменті, Назарбаев Университеті;
✓ Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті;
✓ Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі;
✓ Қазақстандық ғалым әйелдер қоғамы.
Конференция жұмысының басты бағыттары:
1. Функционалды және коммуникативтік грамматика
2. Қазақ лингвистикасы: дәстүр және жаңашылдық
3. Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту
4. Қазақ тілін оқытудағы ЖИ және IT технологиялар
5. Этнолингвистика, социолингвистика және медиалингвистика
Конференция форматы: гибридті (оффлайн-онлайн, Microsoft Teams платформасы)
Конференция тілдері: қазақ және ағылшын
Конференцияны қаржыландыру: Конференцияға қатысу – тегін. Іссапардың қаржылай шығындары конференцияға қатысушының өз есебінен төленеді.
Конференцияның өтетін орны мен уақыты: Назарбаев университеті, 1 блок, Сенат Зал, Қабанбай батыр даңғылы 53,
сағат 09.00-18.00