top of page

Жас Ғалым VII студенттердің ғылыми конференциясы

26.03.25

2025 жылдың 11 сәуір күні  Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану департаментінің ұйымдастыруымен қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180  жылдығына арналған  "Жас Ғалым — VII" республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы  «ХХІ ғасыр білім-ғылым кеңістігіндегі Абай феномені»  тақырыбында өтеді.


Мерзімі мен уақыты: 11 сәуір, 09:00 – 18:00

Өтетін орны: Назарбаев Университеті, блок 3 , Қызыл Зал

Форматы: Гибридті (оффлайн және онлайн, Microsoft Teams платформасы)



Конференция жайлы ақпаратты «Зиялы» порталының арнайы парақшасынан  көруге болады: https://ziyaly.kz


bottom of page