
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күнімен құттықтаймыз!

13.09.24
Тілдер күні - Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық - мемлекет құрылысының басты тірегі.
Бұл мереке “Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл” деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
2024 жылғы 13 қыркүйек күні Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және Түркітану департаментінде Тілдер мерекесі аталып өтті. Профессор Айгүл Ісмақова Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне шолу жасап, ғалымның тіл туралы айтылған ойларынан толғырақ ақпарат берді.
Профессор Зейнехан Күзекова “Академиялық жазылым - білім берудегі табыстың, кәсіби дамудың өлшемі” тақырыбында баяндама жасап, университеттерде академиялық жазылымға пән мәртебесін беру бүгінгі күннің өзекті тақырыптарының бірі екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ ассистент профессорлар Жазира Ағабекова мен Фунда Гювен қазақ тілі және түркі тілдерін оқытуға арналған Pressbook электронды оқулықтарымен таныстырып, олардың дайындалу және жұмыс істеу әдістерін түсіндірді.