
«Жас ғалым - VІ» студенттердің республикалық ғылыми конференциясы өтті.

13.04.24
12 сәуір Қазақстан Ғылым күніне және биыл академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану Департаменті мен Халықаралық қазақ тілі оқытушыларының қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ЖАС ҒАЛЫМ - VІ» студенттердің республикалық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияға еліміз бойынша 20 жоғары оқу орнынан 74 жас ғалым қатысып, түрлі бағытта жұмыстарын таныстырды. Олардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, М.Нәрікбаев университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, С.Демирель университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, Нұр-Мүбарак Ислам мәдени университеті, Миддлбери колледжі (АҚШ) сияқты ірі оқу орындары мен басқа да республикалық ғылым орындарынан студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.
Конференция жұмысы 5 ғылыми бағытты қамтып, онлайн және офлайн форматында өтті.
Конференция соңында үздік жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әл-Фараби және Қаныш Сәтбаев номинациялары бойынша марапатталды.