top of page

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: қоғамдық дискурс конференциясы

18.01.25


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1) Ғылыми дискурстағы постколониализм тақырыбы

2) Тарихтану және ұлттық құндылықтар кеңістігі

3) Түркітану ғылымындағы мәдени және тарихи сабақтастық

4) Әдебиеттану ғылымындағы жаңа бағыттар

5) Тілді оқытудағы лингво-мәдени зерттеулер

6) Антропологиялық зерттеулердегі әлеуметтік факторлар

Форматы: офлайн, онлайн (Microsoft Teams)

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын, түрік, орыс

Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53. Назарбаев Университеті.

Өтетін күні: 24 қаңтар, 2025 жыл.

Өтетін уақыты: 10.00 -18.00; түскі үзіліс: 13.00-14.00.

Аңдатпа тапсырудың соңғы мерзімі: 15 қаңтар, 2025 жыл.

Төлем жасаудың соңғы мерзімі: 20 қаңтар, 2025 жыл.

Қатысу және тіркелу тәртібі:

Конференцияға ұсынылатын аңдатпа және өтінім парағы  zhbaiteliyeva@nu.edu.kz поштасы арқылы қабылданады.  Жіберілетін құжаттың атауын мына үлгіде сақтау керек: «Аңдатпа_Әбілов Айдын». Конференцияға қатысу – ақылы, әр қатысушыға – 7000 теңге. Аңдатпасы конференцияға қабылданғандығы туралы хат алған қатысушылар 20 қаңтарға дейін мына сілтеме бойынша https://payments.nu.edu.kz/Conference2024. төлем жасаулары тиіс. Конференция соңында баяндамашыларға сертификат беріледі.

bottom of page