top of page

Жас Ғалым - VII студенттердің республикалық ғылыми конференциясы туралы

12.04.25

           2025 жылғы 11 сәуірде Назарбаев университетінде Қазақ тілі және түркітану департаментінің ұйымдастыруымен 

«ЖАС ҒАЛЫМ–VII»  студенттердің республикалық ғылыми конференциясы өтті.

         7-ші рет өтіп отырған «Жас ғалым» конференциясы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Назарбаев университетінің 15 жылдық мерейтойына арналды.

          Конференцияның ашылу салтанатында Назарбаев университетінің  әкімшілігінен басқа арнайы шақырылған қонақтар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы және Қазақ тілі оқытушылары халықаралық қоғамдық бірлестігінің президенті Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ профессоры Анар Салқынбай сөз сөйледі.

Конференцияға Республика бойынша 20 жоғары оқу орнынан 109 жас ғалым түрлі бағытта ғылыми жұмыстарын ұсынып, баяндама жасады. Олардың ішінде студент, магистрант, докторанттар да бар.

          Конференция 6 ғылыми бағытты қамтып, онлайн және оффлайн форматында сәтті өтті. Жабылу салтанатында қатысқан жас ғалымдардың үздік жұмыстары марапатталды.

bottom of page